Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1232 7 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 14:43

Вице-министр: АЭС экология тұрғысынан тиімді!

Суреттер Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

"АЭС экология тұрғысынан тиімді". ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Алматыда өткен АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдалымда осылай деп мәлімдеді. 

Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев атом электр станциялары экология тұрғысынан барынша тиімді екенін атап өтті.

"Бұл даусыз дерек. Электр энергиясын өндіретін кез-келген басқа объект қоршаған ортаға белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Көмір станциялары атмосфераға ластаушы заттардың көп мөлшерін шығарады, гидроэлектростанциялар үлкен аумақта су басуы мүмкін, тіпті жаңартылатын энергия көздері шу әсерін тудырады және флора мен фаунаға кері әсерін тигізеді. Электр энергиясын алудың барлық тәсілдерінің ішінен экологиялық таза және қауіпсізін таңдау қажет", - деді спикер.

Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанда кез келген электр станцияларын салуға қойылатын талаптар экологиялық заңнамаға сәйкес күшейтілгенін еске салды.

"Егер референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда барлық кейінгі әрекеттер міндетті түрде жалпы халықтың қатысуымен экологиялық сараптама объективінен өтеді", - деп толықтырды Жомарт Әлиев.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387