Сенбі, 23 Қараша 2024
Қылмыс 639 0 пікір 21 Тамыз, 2024 сағат 12:21

Сот Мұхамедиұлының жазасын өзгеріссіз қалдырды

Фото: golos-naroda.kz

Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қарап, оның бұған дейінгі үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамдиұлы өкілеттілігін теріс пайдаланғаны үшін және аса ірі мөлшерже қаражат ұрлап, рейдерлік жасағаны үшін 11 жылға сотталған болатын.

«Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады бүгін, 21 тамыз күні сот алқасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394