Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 1702 0 пікір 28 Тамыз, 2024 сағат 20:20

Соғыс: Бір шабуылдың құны қанша?

Сурет gijn.org сайтынан алынды.

Әлгінде ғана Ресей Украина қалаларына жаппай зымыран және дрон соққыларын жасады. Украина тарабының есебінше, Ресей бір дегенде Украинаның 15 аймағына соққы берген. Ол үшін 127 зымыран, 109 соққылаушы дрон қолданған.

Бұл Ресейдің соңғы айлардағы ең ауқымды «шабуылы» болды. Оны президент Зеленский де, министр Умеров те айтты.

Ресей қандай зымырандар мен дрондар қолданды? Жауап мынау: «Шахед» дрондары, «Қанатты зымырандар» мен «Кинжалдар» қолданған.

Соққылар Украинаның энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымдарына бағытталған. Сәйкесінше, электр станциялары, өндіріс орындары мен тұрғын үйлер қираған. 50 шақты елдімекен зардап шегіп, 57 нысан бүлінген. Қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен балалар да бар. Осы шабуылдың салдарынан Украинаның біраз аймағы жарықсыз қалған. Ресейдің басты көздеген нысандарының бірі – Киев ГЭС-і болған. Аталған ГЭС-тің 2 блогы істен шыққан.

Президент Зеленский: «Қолбасшы Сырскиймен ұзақ кеңестім. Лайықты жауап болады. Қазіргі сәтте қарсыласқа қарымта жауапты дайындаудамыз», - деді.

Осыдан соң, Батыс ақпаратында шыққан 2 хабар:

«Associated Press»: «Украина Ресейдің ішкі аумақтарына соққы жасамақ. Ол үшін Батыстың рұқсаты керек емес, себебі, Украина «Паляниця» соққылаушы дрон-зымырандарын қолданбақ. Бұл зымыран-дрондар болжалды түрде 600-700 шақырымға дейін жетуі мүмкін», - деп жазады.

Ал «Politico»: «Украинаға АҚШ-қа тізім ұсынбақ. Онда Ресейдің ішкі аумақтарындағы потенциалды нысандар тізімделген. Бұл тізімді Вашингтонның мақұлдауына министр Рустем Умеров алып бармақ», - дейді.

Украина қазір де Ресейдің ішкі аумақтарына соққылаушы дрондар арқылы күн сайын барлау жасап келеді. Салыстырып айтсақ, Украинаның соққылары Ресейдікі секілді жаппай һәм беталбаты соққылар емес, нақты стартегиялық инфрақұрылымдарға, МӨЗ-дер мен әскери нысандарға, соның ішінде әуе айлақтарына бағытталуда.

Ал «Forbes»: Ресейдің кешегі Украинаға жасаған жаппай соққысы Кремль қазынасы үшін ең қымбат соққылардың бірі болғанын жазыпты. Ұшырылған зымырандар мен дрондардың бағаларын есептеп келіп: « Бұл шабуылдың құны - 1,3 млрд долларды құрады», - деген қорытындыға тоқтаған.

Солай, Ресейдің Украинаға жасаған бір жолғы жаппай соққысының құны Ресей бюджеті үшін осынша шығын болса, арғысын есептей беріңіз. Соғыстың жалғасып жатқанына 3 жылға таяу уақыт болды.

Нұргелді Әбдіғаниұлының желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662