Депутат Садықов мандатынан айырылды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов депутаттық мандатынан айырылып, партиядан шығарылды. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.
«ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымын бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.
Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды.
Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды», - деп жазды Азат Тұрлыбекұлы.
Abai.kz