Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 372 0 пікір 23 Тамыз, 2024 сағат 17:13

Астанада «Жайлы орта» жобасы жүзеге асты

Сурет Аманат партиясы, Астана филиалының баспасөз қызметінен алынды.

Мемлекет басшысының «Таза Qazaqstan» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Қалалық жайлы орта» жобасы аясында ауланы тұрғындармен тазалау, сырлау, көшеттерді әктеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан аталмыш шараға «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері мен тұрғындар қатысты.
«Жайлы орта» жобасы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында іс-шараларды ұйымдастыру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – қолайлы, қауіпсіз, жайлы және заманауи қалалық орта құру, аула аумақтарын абаттандыру және тұрғындардың белсенділік деңгейін арттыру.

«Жайлы орта» жобасы қалада және тұрғын үй алаптарында ҚС пен МИБ арқылы аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыру барысында кең қоғамдық қатысуды және абаттандыру бағдарламаларын іске асырудың әрбір кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ете отырып, «Халық қатысатын бюджеті» бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Жоба аясында жергілікті авторлардың концерттері, конкурстары, кітаптар, картиналар көрмелері. Спорттық іс-шаралар: футбол, баскетбол, волейбол, ашық ауада йога және фитнес сабақтарынан аула турнирлері ұйымдастырылады.

Қолайлы заманауи қалалық орта құру және тұрғындардың қатысуымен аула аумақтарын кешенді абаттандыру жоспарларының жүзеге асырылуын бақылау.

Abai.kz

0 пікір