Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
Билік 681 0 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 15:34

Әлеуметтік әмиянға қолдаудың барлық түрі кіреді

Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Президенттің жаңа Жолдауы аясында халыққа көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы айтты.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Бұл мақсатта отбасының цифрлық картасындағы мәліметке сай шұғыл және дағдарыс санаттарына жатқызылған отбасылар санын азайту жөніндегі жұмыстар жалғасады. Өздеріңіз білетіндей, бұл шара әр отбасымен жекелей жұмыс істеп, олардың мүмкіндігіне қарай мейілінше оңтайлы мемлекеттік қолдау түрлерін ұсынуға бағытталған», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Одан әрі вице-премьер әлеуметтік әмиян жобасына тоқталды.

«Онда әр отбасыға әлеуметтік мәртебесіне қарай ұсынылатын барлық мемлекеттік қолдау түрлері болады. Сондай-ақ, қолдаудың нақты берілу фактісі негізінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек сомасы да көрсетіледі. Бұл шараларды жүзеге асыру тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізуді талап етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жыл соңына дейін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайды», - дейді Т. Дүйсенова.

Abai.kz

0 пікір