Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғылым-білім 802 0 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 16:52

Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірқатар тапсырма берді

Фото: qazdauiri.kz

Үкімет басшысы Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында Білім министрлігіне білім саласы бойынша бірқатар тапсырма берді.

1 желтоқсанға дейін жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді реформалау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, бекітуі қажет;

➤ Жыл соңына дейін халықтың табысын ескере отырып, мектепке дейінгі білім беруге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлесін;

➤ Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, әкімдіктермен бірлесіп, қаржыландыру көздерін айқындап, 1 желтоқсанға дейін Орта білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жоспар бекітілсін;

➤ Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл соңына дейін инженерлер, геологтар, көлік, аграрлық және су салаларының жұмыскерлері, сондай-ақ ғалымдар мен басқа да мамандықтардың өкілдері үшін құрметті атақтарды қосу бөлігінде «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңға өзгерістер әзірлеп, енгізуі керек;

➤ Ғылым министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми тағылымдамаларға арналған гранттарды бөлу кезінде еліміздің ғылыми-технологиялық даму міндеттерін ескере отырып, инженерлік-технологиялық бағыттардың басымдығын белгілеуі қажет.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351