Жұма, 22 Қараша 2024
Жолдау 1183 4 пікір 10 Қыркүйек, 2024 сағат 11:52

Құқықтық тәртіп - қоғам дамуының басты шарты!

Коллаж: Abai.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы сарапшылар пікірін Abai.kz ақпараттық порталы оқырмандарының талқысына ұсынбақпыз...


Сурет спикердің өзінен алынды.

Мұхтар Бақтыбекұлы Бақтыбеков,

Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің құқық магистрі:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы қоғам үшін ерекше маңызды тұстарын көрсетіп отыр. Жолдауда көтерілген мәселелерді шешу елімізді жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймын. Еліміздің дауының жаңа кезеңінде саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық бағыттарда қолға алынған жұмыстардың игілігін халық алдағы уақытта көретін болмақ.

Әсіресе заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құру өзектілігін арттыра бермек. Қоғам мен азаматтың, құқықтық мемлекеттің мүдделеріне сай заңдарды шығару сапалы және тиянақты жұмыстарды қажет етеді. Сондықтан заңдарды дайындауда Үкімет пен Парламенттің негізгі жұмыстарымен қатар халықтың, азаматтық қоғам институттарының оған араласуын арттыра беруді қолдаймыз. Бұл қоғамдағы кез-келген мәселелердің демократиялық жолмен шешіліп, азаматтардың басқару ісіне белсенді араласуын көрсетеді.

Сонымен қатар азаматтардың жеке басы мен жалпы қоғамдағы қауіпсіздік мәселесі қай кезде де орынды деп санаймыз. Қазіргі ақпараттар мен технологияның дамуында адам құқықтары мен басқару жүйесіне елеулі қауіп туындауда. Сондықтан осыларға қарсы тиімді заңнамалар мен құқықтық шараларды, органдардың қызметтерін жетілдіру еліміздің дауының кепілі болмақ.

Жолдаудың әрбір мәселесін жүзеге асыруда қазақстандықтардың  үлесі маңызды!

Сурет спикердің өзінен алынды.

Талап Кайратович Нурекешов,

Құқықтану мамандығы бойынша Философия докторы (PhD):

– 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом  энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын деп атап өтті.

Қазақстанда энергетика саласы елдің әлеуметтік – экономикалық өмірінің жетекші буындарының бірі болып табылады, Себебі энергия барлық салаларды қамтиды, біздің бүкіл өмірімізге энергия қажеттілігі өте жоғары деңгейде. Қазіргі таңда осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін энергия көзінің 95 пайызға жуығы дәстүрлі  (көмір мен мұнай) энергияға тәукелділік екені жасырын емес. Бұның болашағы барма,қоры қанша мерзімге жетеді деген үлкен сұрақ туады? Әрине, бұл сұрақтаң негізгі шешімі бүгінгі күннен кешіктірмей атом электр станциясын салу екені сөссіз. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұрғанын ескерсек Мемлекет басшысының бұл бағыттағы негізгі саясатын бүкіл халық болып қолдау қажет деп ойлаймын.

Атом электр станциясы салынуы Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің мүмкіншіліктерін (гидроэнергия, жел және күн энергиясы) елеулі көлемде арттыруына да дархан жол ашады.

Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің басым бағыттары: атом электр станциясын салу,жаңартылған энергия көздерін пайдалану және энергия және қорды үнемдеу бағдарламаларын жүзеге асыру екенін халыққа дұрыс түсіндіру маңызды. Қорыта айтқанда, атом электр станциясын салу болашақ ұрпағымыздың жарқын болашағы екенін ескере отырып қолдау танытуға шақырамын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5259