Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғарыш 1384 0 пікір 17 Қыркүйек, 2024 сағат 16:41

БАҚ: Қазақстан тағы да спутник ұшырады

Сурет rcsc.kz сайтынан алынды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан қандай жаңа жер серіктерін ұшыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы. 

Қазақстанның «GHALAM» ЖШС компаниясы 2023 жылдан бастап Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында «KazEOSat-MR» жерді қашықтан зондтаудың үш жер серігінен тұратын топтаманы құру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр. Оларды ұшыру 2026 жылға жоспарланған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 2029 жылға қарай «KazSat-3» байланыс спутнигін жаңасына ауыстыру қарастырылған. Жаңа аппарат сұранысты қанағаттандыруда және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи техникалық шешімдерді қолдануға арналған. Бұл бағытта шетелдік ғарыш техникасын өндірушілерден алдын ала техникалық-коммерциялық ұсыныстар алынды. Осы ретте жобаға қойылатын талаптарды қалыптастыру және оны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 сәуірде «KazSat-3» үшінші ұлттық геостационарлық хабар тарату және байланыс спутнигі сәтті ұшырылған. «KazSat-3» спутнигінде Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз ете алатын Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған. Ғарыш аппаратының жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп ғарышқа спутник ұшыруды жоспарлап отыр.

Дереккөзі: ulysmedia.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5451