Сенбі, 23 Қараша 2024
Қылмыс 1373 2 пікір 19 Қыркүйек, 2024 сағат 13:09

Қызылорда: 13 адам оқушы қызды құлдықта ұстаған

Фото: скриншот

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке салып, қинаған деп күдікке ілінген 11 адам қамауда отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Бүгінде бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, 13 адам күдікті ретінде ұсталып, 11 адам қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр», - деді ол.

Лепеха жәбір көрген қызды сатып алғандар да тексерілетінін растады.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, құлдықта ұстаған. Олар қызды ұрып-соғып, азаптап, бопсалап, қорқытқан. Қыздың тәнін саудалай отырып айына кемінде екі-үш миллион теңге табыс тапқан.

Кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қызметін 200 ер адам сатып алған.Таяуда белгілі болғандай, жәбірленушінің банк картасына 1000 мыңнан аса жалпы сомасы 13 млн теңгеге жуық аударым жасалған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419