Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Билік 2578 1 пікір 23 Қыркүйек, 2024 сағат 16:22

Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері өтеді

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Нәтижесінде өзара Мәдениет күндерін өткізу туралы келісім жасалды.

2024 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында Астанада Әзербайжан мәдени күндері өтеді. 24 қыркүйекте «Физули-530» кітабының тұсаукесері және этно-джаз концерті өтеді. 25 қыркүйекте Қазақстан мен Әзербайжанның ұлттық кітапханалары арасында меморандумға қол қою, Эльмира Ахундова кітабының тұсаукесері, сонымен қатар «Әзербайжан өнерінің жауһарлары» көрмесінің ашылуы және би ансамблінің концерті өтеді. 26 қыркүйекте Әзербайжанның заманауи өнері және Томирис иконографиясы туралы дәрістер өткізіледі.

Басты іс-шара 26 қыркүйек күні Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында өтеді. Гала-концертте Әзербайжанның халық әртістері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Мәдениет күндері Баку қаласында өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1363
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2949
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 956