Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Ел іші... 665 6 пікір 25 Қыркүйек, 2024 сағат 14:23

Мектептегі хиджаб дауы: Жоғарғы Сот не дейді?

Сурет qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Мектепке орамал тағып баратын оқушы қыздар сабаққа жіберілді. Жоғарғы сот балалардың білім алу құқығы шектеді деген үкіммен бұл мәселеге нүкте қойды.

Дегенмен оқушылар мектепке дінді насихаттау үшін емес, білім алуы үшін баруы керек!

Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мектептерде орамал тағуға тыйым салу туралы облыстық соттың шешімін жойып, мұндай шектеулер білім алу құқығын бұзады деп танығанын айтты.

Осыған ұқсас шешімдерді бұған дейін Қазақстанның төрт облысындағы басқа соттар да мойындаған.

2022 жылы мектеп оқушыларының 1600-ден астам ата-анасы Тоқаевқа жүгінген. Олар оқу орындарында намазханаларды ашып, мектептерде орамал тағуға тыйым салуды алып тастауды немесе ислам дінін ұстанатын студенттерге онлайн оқуға рұқсат беруді сұрады.

2023 жылы Қазақстанда қыздарға мектептерде хиджаб пен орамал тағуға тыйым салу туралы пікірталастар жалғасты. Кейбіреулер форманың біркелкі болуы керек екеніне сенімді болса, басқалары басындағы орамалдан ештеңе көрмейді. Маусым айында әлеуметтік желіде қазақстандық оқушы қыз хиджабына байланысты соңғы қоңырауға кіргізілмеді деп мәлімдеген видео тараған болатын.

Президент Тоқаев оқу орындарындағы орамал мен хиджаб туралы айта келіп, адамдардың мектепке білім алу үшін келетінін айтты.

Бұл ретте қазақстандық құқық қорғаушы 13 мыңнан астам қазақ қызы мектептерде хиджаб кигісі келетінін айтты.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда хиджаб киюге тыйым салатын заң төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның пікірінше, елдегі көптеген адамдар бұл резонансты тақырыпқа қатысты пікір айта бастады.

Өз кезегінде Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылы дінді білімнен ажырату керектігін тағы да қадап айтты.

Abai.kz

6 пікір