Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 706 2 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 15:38

Алматылықтар алаяқтарға 12 млрд теңгеге алданған

Фото: ғаламтордан

Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров қалалық қоғамдық кеңесте 2024 жылдан бері мегаполисте 6 мыңнан астам алаяқтық тіркелгенін айтты, деп хабарлайды  Abai.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Салдарынан тұрғындарға 12 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Сонымен бірге, Алматы полициясының басшысы атап өткендей, қабылданған шаралар интернет-алаяқтықты 14,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

"Зияткерлік меншік құқықтарын бұзумен байланысты қылмыстардың алдын алу мен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды. Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында полицейлер негізгі критерийлер бойынша халықпен жұмыс жүргізуде – бұл, ең алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығы, БАҚ деңгейінде қолжетімді және түсінікті ақпараттық жұмыс, көшелерде, қоғамдық орындарда, алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы жарнамалық буклеттер. Сондай-ақ, алаяқтықтың жаңа түрлері, олардың жасалу жолдары және алдын алу шараларының дер кезінде қабылдануы қадағалануда", - деді, Арыстанғани Заппаров.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406