Сенбі, 1 Тамыз 2026
Жаңалықтар 445 0 пікір 30 Шілде, 2026 сағат 16:32

Қазақстан уран саласындағы ойын ережелерін өзгертуде

Сурет: kazpravda.kz сайтынан алынды.

Шикізаттан технологияға дейін...

Қазақстанның уран өнеркәсібі үлкен жолдан өтті — өңделмеген шикізат экспортынан бастап өзінің атом энергетикасын дамыту жоспарларына дейін.

Бұрын мемлекет уран өндіру және оны шетелге сату үшін шетелдік компанияларды тартуға басымдық беретін. Қазір бұл тәсіл өзгерді: Қазақстан өз қорынан тек табыс тауып қана қоймай, технологияларды да алуға ұмтылуда, яғни серіктестерге саланы дамытуға қатысуы эсесінен кен орындарына қолжетімділік ұсынуда.

Бұл туралы Макгилл Университетінің (Канада) магистранты Антуан Маньенің жақында жарияланған баяндамасында айтылған. Оның сөзінше, Қазақстан уран саласын дамыту тәсілін біртіндеп өзгертіп келеді. Билік ережелерді қатаңдатып, жобалардағы мемлекеттің үлесін арттыруда және негізгі серіктестер — РФ мен ҚХР-мен ынтымақтастықты нығайтуда.

Енді ел тек уран өндіріп, оны сатумен шектелмей, қосылған құны жоғары өндірісті дамытуға ұмтылуда: ядролық отын шығарудан бастап, электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешу үшін ұлттық энергетикалық жүйеге атом технологияларын енгізуге дейін.

ҚР жаңа модельге көшуде: уран қорларына қол жеткізу технологияларды алу құралына айналуда, ал россиялық және қытайлық компаниялар ел ішінде атом саласын құруға қатысуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар