Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2199 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 12:09

Жол ережесін жиі бұзатындар қосымша ақы төлейді

Фото: upl.uz

Заңнамаға өзгеріс енгізілмек - жол ережесін жиі бұзатындар сақтандыру қорына қосымша ақы төлейді. Яғни, ылғи жылдамдықты асырып жүретін, қызыл жолаққа өтіп кете беретін, қарсы бағытқа шығып айдайтын көлік жүргізушілері көбірек ақша аударады.

Елімізде сақтандырудың 18 класы бар. Оның ең төменгісі - М2. Оған мас болып көлік жүргізгендер, соңы адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлілер автоматты түрде енгізіледі.

Жыл басынан бері 19 302 жол апаты болған. 26 703 адам зардап шеккен. 1 754 адам ажал құшқан: 230 кәмелетке толмаған бала, 486 әйел, 1 268 ер адам.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1564
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3180
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1170
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1087