Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 1466 14 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 16:07

Гутерриш қалай «жексұрын» болды?

Сурет Неміс толқыны сайтынан алынды.

Ресейде өткен БРИКС жиынына барған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш үлкен саясаттың сынына қалды!

Украина президенті Зеленский: «БҰҰ-ның беделі қайдағы бір Қазанда емес, Украина мен әлемнің өркениетті елдерінің қасында көтеріледі!», - деді.

Онан соң Украина СІМ-і: «Украинаның «бейбітшілік саммитіне» қатысуға уақыт таппаған Гутерриш БРИКС-ке бөксеңдеп жетіп барыпты. Әлем жұрты, бағасын өздеріңіз беріңіздер!», - деді.

Украина билігі «Киевке келемін деген» деген Гутерришке есігін жапты.

«Гутерриш Қазаннан соң Киевке келмек болған. Оған хабарласып, келмей-ақ, қойыңыз! Сізді мұнда ешкім күтпейді», - дедік. Сондықтан, Гутерриш келмейді!», - деді Укарина тарабы.

Литва СІМ-і: «Гутерриш қызметінен кеткісі келіп жүргенге ұқсайды. Біз оны ұстамаймыз!», - деп мәлімдеді!

Жаңылмасақ, бұл Киевтің Батыстағы басшылардың өкілін Киевте қабылдаудан жария түрде бас тартқан алғашқы факті. Ол - ол ма, Киев Гутерришті: «БҰҰ Жарғысын сақтауды ысырып қойып, Қазанның дүбіріне қосылуды жөн санағаны үшін нон-грата деп тануымыз мүмкін», - деп мәлімдеген.

Нұргелді Әбдіғанидың желідегі жазбасы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1432
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5102