Министр: Жан-жақтан қарыз ала бермей, тиісті талдау жасаймыз!
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді.
«Жалпы, мемлекеттің борышы жалпы ішкі өнімге шаққанда 23 пайыздан сәл арттық. Бізде екі шектеу бар. Біріншіден, мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 32 пайызынан аспау керек. Екіншіден, борышты қайтарудың жылдық мөлшері жалпы кірістердің 10 пайызынан аспау керек деген шектеу ескерілген. Еліміздің 2025 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына тоқталсақ, 2027 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,9 пайызға дейін төмендету міндетін алып отырмыз. Бұл өз кезегінде мемлекеттің кіріс бөлігінің артуы есебінен жүзеге асырылады», - деді Н. Байбазаров.
Оның айтуынша, алдағы жылдары экономиканың өсуі арқылы бюджеттің кіріс бөлігі артады.
«Екіншіден, жан-жақтан қарыз ала бермей, тиісті талдау жасап, оның тиімді жолдарын іздейміз», - деді министр.
Abai.kz