Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 378 0 пікір 30 Қазан, 2024 сағат 15:12

Алматыдағы ЖОО-ның профессорлары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Суреттер Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

«Таза Қазақстан» – еліміздің табиғатын қорғау, экологиялық мәдениетті нығайту және азаматтардың экологияға жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды республикалық бастама. Бүкіл ел бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі шаралар өтіп жатыр. Алматы қаласының жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары акцияны қолдап, өз студенттерімен бірге сенбілікке шығып, табиғатқа қамқорлық танытып, экологиялық мәдениетті дамытуға белсене атсалысуда.

Азаматтық Авиация Академиясының профессоры Гүлназ Қажымұратқызы Тулекова «Таза Қазақстан» акциясының қаланы көркейтуге зор ықпалын атап өтіп, «бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны ластанудан сақтау, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту» деп бөлісті. Табиғаттың тазалығын сақтауға үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті екенін айтқан профессор Алматының көркі мен тазалығын сақтауға шақырды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Лаззат Алдибаева да экологиялық мәдениетті дамытудың әркімнің қарапайым әдеттерінен басталатынын баса айтты. Оның ойынша, «су мен жарықты үнемдеп жұмсау, қоқыс тастамау сияқты қарапайым қадамдар арқылы экологиялық мәдениетімізді арттыра аламыз». Профессор экологияға қамқорлықты тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің профессоры Дәулетхан Найман студенттерімен бірге сенбілікке шығып, өз университетінің  маңайындағы аумақтарды тазарту арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырғанын айтты. Студенттер қоқыстарды сұрыптап, қайта өңдеуге жіберуге атсалысуда және болашақта бұл бастаманы жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ал Қазақ ұлттық университетінің профессоры Салтанат Тумажанова «Таза Қазақстан» акциясын жаһандық экологиялық мәселелерге жауап ретінде қарастырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттер мен оқытушылардың бірлесе отырып университет аумағын тазарту жұмыстары арқылы жастарды табиғатты аялауға тәрбиелейтінін айтты. «Осы бастамалар арқылы біз таза және жасыл болашаққа қадам басамыз», – деді ол.

Осылайша, Алматының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бастаманы қолдай отырып, олар туған жерге деген сүйіспеншілікті, табиғатқа деген құрметті болашақ ұрпаққа жеткізуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286