Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 953 3 пікір 31 Қазан, 2024 сағат 13:09

Депутат: Халық қарыздың құрсауына әбден батты!

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Халық қарыздың қоршауында қалды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев осылай деп дабыл қақты.

Қазіргі таңда 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар. Бұл экономикалық белсенді жұрттың 80 пайызынан көбі банктерге қарыз деген сөз. 1,4 трлн теңгенің төлем уақыты кешіктіріліп жатыр. 1 млн 700 мың адам алған несиесін қайтара алмайтын жағдайға жеткен.

Мәжіліс депутатының айтуынша, бұл қазақстандықтардың таза табысы төмендеп кеткенін көрсетеді. Сондықтан мемлекет тарапынан шұғыл шара қолданылуы керек.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052