Солтүстік Корейдің 8 мың сарбазы Курскіні қорғамақ!
АҚШ Ресейдің Курск облысына 8 мың Солтүстік Корей сарбазы жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты.
АҚШ-тың бағалауынша, Ресейде 10 мыңға жуық Солтүстік Корей сарбазы бар.
«Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 8 мыңға жуығы Курск облысына жеткізілді. Біз Солтүстік Корей әскерлердің украин әскерлеріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын әлі көрген жоқпыз. Бірақ біз олардың соғысқа араласуы таяу күндері болады деп күтудеміз», - дейді Блинкен.
Блинкеннің айтуынша, ресейліктер КХДР сарбаздарын артиллерияда, дрондарда оқытып, оларды базалық жаяу әскерлер операцияларына, соның ішінде окоптарды қазуға дайындауда.
«Егер бұл әскерлер Украинаға қарсы әскери іс-қимылдарға немесе әскери іс-қимылдарды қолдау жөніндегі операцияларға қатысса, онда олар әскери мақсатқа пайдаланылған қосынға айналып шыға келеді», - деп атап өтті Блинкен.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин: «Ресей КХДР әскерлерін ресейлік киім-кешекпен және жабдықтармен қамтамасыз етті. Ресей оларды Украинаға қарсы алдыңғы қатардағы операцияларда пайдалануға ниетті», - деп мәлімдеді.
Ол Вашингтон жауап шараларын қабылдау үшін «өңірдің басқа елдеріндегі өзінің одақтастарымен және серіктестерімен тығыз консультациялар жүргізіп отырғанын» растады.
Abai.kz