Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Қоғам 944 0 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 16:55

Депутат: Бюджеттің қамбасын толтыруға болар еді...

Фото: Мәжіліс баспасөзінен алынды

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы креативті индустрия арқылы қыруар қаржы табуға болатынын, бірақ елімізде бұл сала дамымай отырғанын айтты.

– Креативті индустрия еліміз үшін өте маңызды. Бірақ бұл салаға соңғы жылдары ғана назар аударылып жатыр. Әсіресе Мемлекет басшысының берген тапсырмасынан кейін. БҰҰ креативті индустриядағы бағытты нақтылап берді. Олар – дизайн, сән, өнер, кино, музыка, медиа, компьютерлік графика және т.б. Бұл салалар арқылы бюджеттің қамбасын толтырып, қыруар қаражат табуға болар еді, - дейді депутат.

Оның айтуынша, креативті индустрияның капитализациясы әлемде 2,3 трлн доллар. Өкінішке қарай, Қазақстан осы үлкен капиталдан өз үлесін ала алмай отыр.

Кей елдерде креативті индустрияның ЖІӨ-дегі үлесі 3%, ал дамыған елдерде 12%-ға дейін.

– Креативті индустрияны дамыту мәселесі мемлекеттік органға жүктелді. Қазір мұнымен Мәдениет және ақпарат министрлігі айналысып жатыр. Дегенмен мемлекет араласқан жерде нақты нәтиже болмай қала ма деген қорқыныш бар. Неге? Өйткені 2015 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстан креативті индустрия бойынша әлемде 84-орында болса, министрлік ұсынған биылғы соңғы деректе сол 84-орында қалып отырмыз, – деп айтты Нартай Аралбайұлы Мәжілісте өтіп жатқан отырыста.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1429
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3192
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5085