Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 339 0 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 16:01

ҚазҰУ-дың заң факультеті - құқықтық білімнің алтын бесігі

Сурет: farabi.university

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті — Қазақстандағы заң білімінің жетекші орталықтарының бірі. 70 жылдық тарихы бар факультет еліміздің құқық саласының дамуына үлкен үлес қосып, қоғамда өз орнын алған көптеген білікті заңгерлерді даярлап шығарды. Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың заң факультеті білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары және құқықтық ортаға қосқан үлесі арқылы заң саласының жоғары стандарттарына сай келеді.

ҚазҰУ-дың заң факультеті өзінің миссиясын еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге қажетті білімді, кәсіби және білікті мамандарды даярлауда деп біледі. Факультет заң ғылымдары саласында білім беру, зерттеу және тәжірибе жинақтау бағытында қызмет ете отырып, студенттердің құқықтық мәдениетін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Білікті заңгерлердің қалыптасуы арқылы факультет Қазақстанда әділеттілік пен құқық үстемдігіне үлес қосуға бағытталған.Заң факультетінде білім беру бағдарламалары әртүрлі және кең ауқымды. Факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде оқу мүмкіндігі бар. Оқу бағдарламалары әлемдік стандарттарға сай жаңартылып, құқықтың заманауи бағыттары мен тенденцияларына сәйкес келеді.Профессорлық-оқытушылық құрамы еліміздегі ең тәжірибелі, білімді және жоғары дәрежелі мамандардан құралған. Факультетте профессорлар, заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, тәжірибелі судьялар мен құқық қорғау органдарының мамандары дәріс береді. Бұл ұстаздар студенттерге теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды үйретуге ерекше назар аударады. Сонымен қатар, оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқық саласының дамуына өз үлестерін қосуда, ғылыми-зерттеу саласында да белсенді қызмет атқарады. Факультетте ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді, онда заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіледі. Ғылыми жұмыстар еліміздегі құқықтық жүйенің дамуына, заңдардың жетілдірілуіне, адам құқықтарының қорғалуына бағытталған. Студенттер де ғылыми конференциялар мен жобаларға қатысу арқылы зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бұл оларға заң ғылымындағы күрделі мәселелерді түсінуге және сыни ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

ҚазҰУ-дың заң факультеті көптеген халықаралық жоғары оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Факультет студенттері шетелдік оқу орындарында білім алуға және тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, халықаралық конференциялар мен ғылыми жобаларға қатысу арқылы студенттер мен оқытушылар әлемдік деңгейде тәжірибе алмасады. Бұл байланыстар студенттердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге де ықпал етеді.

Заң факультетінің түлектері Қазақстанның құқық саласының дамуына үлкен үлес қосуда. Факультеттен шыққан мамандар еліміздің сот, прокуратура, адвокатура, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және жеке секторда табысты қызмет етуде. Көптеген түлектер еліміздегі заң жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосып, Қазақстанның құқықтық мәдениетін нығайтып келеді.Түлектердің  жетістіктері мен беделі  заң факультетінің жоғары деңгейлі білім беретін оқу орны екендігін дәлелдейді.

Жапарбек А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5142