Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 863 5 пікір 20 Қараша, 2024 сағат 11:51

Қуантыров: Теңге тұрақты валюта...

Фото: СІМ баспасөзі

Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтан журналистер "Трамп билікке келуімен елімізге келетін инвестиция көзі азаюы мүмкін бе?" деп сұраған болатын.

Министрлік өкілі ел экономикасының тұрақты екеніне тоқталды.

"Бәрі мүмкін. Инвестиция өсіп жатыр. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Өздеріңізге мәлім, экономикамызда диверсификация болып жатыр. 20 жыл бұрын ел экономикасына салынатын 75 пайыз инвестиция тек мұнай-газ бен тау-кен саласына салынса, қазір олардың үлесі тек 34 пайыз. Диверсификация әлі де жалғасып жатыр", – деді Қуантыров.

Вице-министрдің сөзінше, Дональд Трамп президент болған кезде инвестиция көзі азаймаған.

"АҚШ үлкен мемлекет. Олар біздің ең ірі инвесторларымыздың бірі. Трамп бұған дейін президент болды. Ол кезде инвестициямыз азайған жоқ. Ал, теңгенің жағдайына келсек, алаңдаудың керегі жоқ. Теңге тұрақты валюта", – деді Әлібек Қуантыров.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 376
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 409
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 386