Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Ел іші... 1947 0 пікір 22 Қараша, 2024 сағат 16:34

Абай облысы: Орта мектептің қазандығы жарылды

Фото: ТЖМ

Абай облысы Үржар ауданындағы орта мектептің жеке тұрған қазандығы жарылып, от жағушы күйіп қалды.

22 қарашада Үржар ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болды. Алдын ала дерек бойынша бұған жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болған.

«Жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 54 жастағы от жағушы 2-3-дәрежелі күйік алды. Қазіргі уақытта ол аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектепке жылу беріліп жатыр. Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған.

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте 943 оқушы білім алып, 117 мұғалім жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1326
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2904
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 986
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 916