Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Спорт 519 0 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 15:51

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Фото: Туризм және спорт министрлігінің телеграм арнасынан алынды.

Шорт-трек: Италияның Бормио қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Турнир бүгін мәресіне жетеді.

Мәнерлеп сырғанау: Қытайдың Чунцин қаласында аяқталған мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Ол қос жаттығудан кейін 276.17 ұпай жинады. Шайдоров былтыр осы жарыстың қола жүлдегері атанған еді.

Семсерлесу: Канаданың Ванкувер қаласындаөткен семсерлесуден Әлем кубогінде Қазақстанерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Пара дзюдо: Астанада өткен пара дзюдодан халықаралық Grand Prix турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары 14 медаль (6 алтын, 4 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Теннис: Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Лозада қаласында өткен ITF W35 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды. Жерлесіміз Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге жұп құрап, финалда ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельден 6:3, 1:6, 10:4 есебімен басым түсті.

Эстетикалық гимнастика: Эстонияның Тарту қаласындағы эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 қола медаль жеңіп алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048