Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Алаң 1075 3 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 17:06

Путинге қарсы орыс патриотының бүлігі

Фото: novoetv.kz

Ресейде "Жеңімпазсыз соғысқа" қарсы көңіл-күй ура-патриоттар арасынан да бой көрсете бастауы Путлер билігіне сызат түсе бастағанының көрінісі.

Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы депутаты Виктор Алкснис әлеуметтік желілерде Ресей билігін сынға алған пост жариялады.

"Мен параноик емеспін, бірақ менің бойымда бізді "арсыз келісімшартқа" жақындатып бара жатқандай сезім пайда болуда... Ал шын мәнінде масқара капитуляция және Ресейдің бірнеше ғасыр ішіндегі ең ірі әскери жеңіліске ұшырауы еліміз үшін бұрын-соңды болмаған ауыр да, апатты жағдайға ұрындырады. Керек десеңіз,бұның ақыр аяғы еліміздің бөлінуіне, ыдырауына және әлемдік аренадан жоғалуына дейін соқтырады", - деп наразылығын білдіреді Алкснис.

Экс-депутат ел басшылығының "ӘАО-ның (СВО) барлық мақсаттарына қол жеткізілетінін, яғни Украинадағы ұрыс қимылдары жеңіске жеткенше жалғасатынын үнемі мәлімдеп отырғанын" жазады.

Соңғы күндері жаңа "Орешник" зымыранын табысты қолданумен байланысты отансүйгіштік көңіл-күй де өсті. Екінші жағынан, саналы адамдар ӘАО жеңіліске ұшырағанын және Украинаны әскери жеңіліске ұшырата алмайтынын жақсы түсінеді. Жалғыз жол - жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату және келіссөздер үдерісін бастау". Бұған Ресейді, соның ішінде оған "дос" деп саналатын Қытай, Иран және Бразилия да көндіре алады. Алкснис Кремль Ресей армиясы басып ала алмаған Украина аумағын өзімдікі деп жариялағанын "стратегиялық қате" деп атады. Осымен Ресей өз мойына өзі дар тұзағын ілді.

Бұрынғы депутат соғыс тоқтаған соң Кремльге "ӘАО" туралы көптеген сауалдар туындайтынын ескертті. Бұл елімізді ала тайдай бүлдіретін бүлік тудырып, биліктің ауысуы қаупін төндіреді: "Бұл ретте ешкім де бір жағымсыз сипатты еш еске алмайды - ғасырлар бойы соғыстағы жеңіліс" Кімнің кінәсі? " Кейіннен туындауы ықтимал ішкі саяси саладағы сілкіністер, биліктің ауысуы және басқа да жағымсыз жайттарға кім жауап бермекші?".

Ресей патриоттары жаппай "Уралағанынан" сап тыйылып, енді келер күніміз не боладыны айтып ойбайлауға көше бастады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048