Мағжанды жиналысқа салды
«Адамзат баласы көркем әдебиеттен ажырап қала ма?» деген үрейдің беті қайтқан жоқ. Бұл - бүтін дүниені толғандырып отырған мәселе. Сондықтан да елді кітап оқуға үндеген түрлі акциялар көптеген мемлекеттерде тұрақты жүргізіледі. Біздің елде де биыл үшінші жыл қатарынан «Бір ел - бір кітап» акциясы өткізілуде. Алғашқы жылы ұлы Абайды, былтыр Мұхтар Әуезовті оқыдық...
Бұған қуандық
Бір аптаға жоспарланған осы акция аясында бүтін ел болып Мағжандай сырлы ақынды оқып жатқанымызға бүгін төртінші күн. Науқанның кешегі күні Мағжан Жұмабаев шығармашылығынан «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» деп аталатын поэтикалық марафонға арналыпты. Кейінгі жас буыннан марафонға қатысушылар көп болды. Бәрі де Мағжан ақынның жырларын бір-біріне дес бермей жарыса жатқа оқысып жатты. Ынталы-ақ.
Бұған ренжідік
Бірақ үлкендер жағы поэзияға арналған жиынды жиі-жиі ресми жиналысқа айналдырып жіберіп жатты. Құлашын кең сермеп сөйлейді. Жыр оқығысы кеп жер тарпып тұрған жасты елей бермейді.

Десе де, ақын өміріне қатысты жалпы көпшілік біле бермейтін біршама мәлімет те, ғибратты сөз де айтылды.
Шараны ұйымдастырған Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметі қолымызға ұстатқан баспасөз релизінде «Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева қатысады» делініпті. Бірақ ол кісіні көре алмадық.
АЛАШ СӨЗІ
Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады. ...Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан.
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ
Осылай өткен жиындағы айтылған сырдың ең бастылары мынау:
Рахымжан ОТАРБАЕВ, Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры:
- Біз бүгін Мағжан ағамыздың тойын бастасақ, келесі айлардан бастап әр ай сайын осындай қазақ халқының ұлы тұлғаларына арналған кештерді жүйелі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақыттарда «Жұмабек Тәшенов неге ұмыт қалып барады?» деген мәселені көтермекпіз. Одан кейін «Мәлік Ғабдуллинді неге ұмытып барамыз?» деген мәселе тұр. Мәшһүр Жүсіп неге назарымыздан тыс қалып қойып жатыр? Немесе қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова апамызды неге елеусіз қалдырдық? Тіпті ол көз жұмғанда да бір ауыз сөз айта алмай қалдық. Әлде жоқтаушысы жоқ па? Жоқтаушысы бүкіл ел еді ғой. Осындай мәселелерді осы үлкен шаңырақтың астында талқылап, кітап сақтайтын орын ғана емес, айтулы рухани ордаға да айналдырмақ ниетіміз бар.
Мұхтар ШАХАНОВ, Халық ақыны:
- Біздің алдыңғы буын ағаларымыздың үлкен жетістігі, бәрімізге үлгі болатын қасиеті - ұлтжандылығы. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезеңде біздің Мағжандай арыстарымыз ұлт үшін ештеңеден тайынған жоқ. Басын өлімге тікті. Олардың азаматтығын жарқыратып көрсетуіміз керек.
Сәуле МҮСЛІМОВА, Мағжанның үлкен ағасы Мүслімнің немересі:
- Туыстарымыздың бірінің үйінен Мағжан ақынның кітабы табылып, оны тек сол үшін ғана 10 жылға соттап жіберген кездері болған. Ақын атамыз ақталғаннан кейін 1988 жылы алғаш рет басылып шыққан кітабын Зылиха апайдың (Мағжанның зайыбын айтып отыр - автор) қалай құшақтап жылағаны көз алдымда: «Құдай, арманыма шынымен жеткізді ме?! Енді қайта берсем де болады» деп... Содан жарты жыл өткенде ол кісі 96 жасқа келіп қайтыс болды.
Дүкенбай ДОСЖАН, «Қазақстан мұражайлары» журналының бас редакторы, жазушы:
- Мағжанды Алматыдағы Лесная көшесіндегі №89-үйден 1937 жылы 28 желтоқсанда келіп ұстаған. Құжаттарға қамау туралы қаулы мен бір хаттама тіркелген. Бұл қаулыға сержант Ш.Қабылбаев пен М.Марсельский қол қойған. Мұндағы Қабылбаев деп отырғаным Шарапбек Қабылбаев, кейін генерал шеніне дейін көтеріліп, Қонаевтың кезінде 1960 жылдары 5-6 жыл бойы Қазақстанның Ішкі істер министрлігін басқарған. Денелі, қара кісі болатын. Барлықтарыңыз білесіздер...
Бесбоғда АЛТАЙ, Астана
24 Қыркүйек 2009
Алаш айнасы