Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1099 1 пікір 4 Желтоқсан, 2024 сағат 16:46

Бүгіннен бастап камералар орта жылдамдықты тіркейді

Сурет: qaj.kz сайтынан алынды.

Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған заң күшіне енді.

Оның өзгерген тұстары халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушіге қатысты.

Автоматты тіркеу жүйесі арқылы «орташа жылдамдықты» асырғандар жауапкершілікке тартылады. «Орташа жылдамдық» жүрген жолдың ұзақтығын жүріп өткен уақытқа бөлу арқылы есептеледі.

«Рұқсат етілген «орташа жылдамдықтан» асып кетсе айыппұл 5-тен 40 АЕК көлемінде болады. Яғни жолдардың түрлі учаскелерінде «орташа жылдамдық» әртүрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Трассалардағы жол апатындағы әрбір үшінші адамның өлімі жылдамдықты асыру салдарынан болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119