Жалпыға бірдей декларациялау 2025: Қалай дұрыс дайындалу керек?
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуға келесі санаттар міндеттелетінін хабарлайды:
- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
- сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар;
- банктің, бағалы қағаздар нарығының немесе сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
- декларацияны ерікті түрде тапсырғысы келетін азаматтар.
Шетелдегі декларациялауға жататын активтер:
- жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
- шетелдік компаниялардағы немесе тұрғын үй құрылысына қатысудағы үлестер;
- шетелдік банктердегі шоттардағы қаражат, егер олардың сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
- брокерлік шоттардағы қаражат;
- интеллектуалдық меншік объектілері, авторлық құқықтар;
- цифрлық активтер;
- дебиторлық/кредиторлық берешектер;
- инвестициялық және бағалы металдар;
- құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (мысалы, антиквариат, сән-салтанат заттары).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында және шетелде құны 20 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 73 840 000 теңге) асатын ірі сатып алулар жасаған тұлғаларға декларация тапсыру міндетін енгізу ұсынылады.
Маңызды: декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар 10 000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және басқа да активтер мен міндеттемелерді декларациялай алады, бұл кейіннен жеке тұлғаның шығындарын растауға негіз болады.
Егер азаматтардың қолма-қол ақшасы 10 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 36 920 000 теңге) асатын болса, бұл қаражатты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін банктік шоттарға салу қажет.
Декларацияны қалай тапсыруға болады?
Декларацияны e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы немесе Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) арқылы тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат пен консультация алу үшін Алматы қаласы бойынша МКД ресми Instagram парақшасына жазылыңыз: @mkdalmaty_dgdalmaty.
Алматы қаласы, Әуезов аудандық Мемлекеттік кірістер департаменті
Abai.kz