Жұма, 28 Тамыз 2026
46 - сөз 1214 0 пікір 23 Тамыз, 2026 сағат 20:47

Құрылтай: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі қалай басталады?

Cурет: ҚР ОСК алынды.

Қазақстанда алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беріп, бұл күнді ел үшін тарихи оқиға деп атады. Президенттің айтуынша, бүгінгі сайлау – жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың аяқталуы емес, жаңа кезеңнің бастауы.

Жаңа саяси жүйе жағдайында Құрылтайдың өкілеттігі қандай болады, оның қоғам алдындағы жауапкершілігі қалай артады және жаңа институт Қазақстанның саяси жаңғыруына қаншалықты ықпал етеді? Осы және өзге де мәселелерді саясаттанушы Сүйінбай Сүйіндіков талдады.

- Бір палаталы Құрылтай Қазақстанның саяси жүйесіне қандайнақты өзгерістер әкеледі?

- Меніңше, ең басты өзгерісҚазақстанның заң шығару жүйесінің екідеңгейлі парламенттік модельден бір палаталы модельге өтуі. Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс арасында бөлінген заң шығару процесі ендібір органның ішінде шоғырланады. Бұл шешім қабылдаупроцедураларын ықшамдап, заң қабылдау уақытын қысқартуғамүмкіндік береді. Жаңа Конституция бойынша Құрылтай 145 депутаттан тұрады және олардың өкілеттік мерзімі бес жыл.  Құрылтайдың шынайы тиімділігі оның заң шығару сапасына, атқарушыбилікті бақылау қабілетіне және қоғам мүддесін қаншалықтыбілдіретініне байланысты болады. Сондықтан жаңа жүйенің бастыөлшемі депутаттар саны немесе палаталар саны емес, билікинституттарының тепе-теңдігі мен жауапкершілігінің күшеюі болуы тиіс.

- Құрылтай депутаттарының өкілеттігі мен жауапкершілігібұрынғы Парламентпен салыстырғанда несімен ерекшеленеді?

- Құрылтай депутаттарының негізгі ерекшелігіолардың жұмыс істейтін институционалдық ортасының өзгеруінде. Бұрын заң жобалары Сенат пен Мәжілістің екі деңгейлі талқылауынан өтсе, ендізаң шығару процесі бір палатаның аясында жүзеге асады. Бұл депутаттардың әрқайсысына түсетін саяси және кәсіби жауапкершіліктіарттырады.

Сонымен қатар жаңа модельде депутаттардың қоғаммен байланысыерекше маңызды болады. Себебі бір палаталы жүйеде заң жобаларынталқылаудың сапасы, сараптамалық сүзгі және қоғамдық пікірді ескерумеханизмдері Құрылтайдың өз ішінде барынша тиімді жұмыс істеуікерек.

Халықтың Құрылтайдан күтер ең басты үміті — халықтың нақты мәселесін заңнамалық шешімге айналдыра алатын, кәсіби әрі жауаптыөкілдік институттың қалыптасуы. Яғни депутаттың басты міндеті тек заң қабылдау емес, қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы тиімдісаяси байланысты қамтамасыз ету болуы керек.

- Құрылтай алдында тұрған ең маңызды міндеттер қандай?

- Мен оларды бірнеше негізгі бағытқа бөлуге болады деп санаймын.

Біріншіденқұқықтық реформаларды іске асыру. Жаңа Конституция бекіткен нормаларды нақты заңдар мен тиімді мемлекеттікмеханизмдерге айналдыру Құрылтайдың алғашқы әрі маңыздыміндеттерінің бірі болады.  

Екіншіденэкономикалық заңнаманы жаңарту. Инвестициялық ахуал, кәсіпкерлікті қорғау, бәсекелестік, салық саясаты және өңірлердіңэкономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері маңызды орыналады.

Үшіншіденәлеуметтік саясат. Білім, ғылым, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік әділеттілік мәселелері заң шығарукүн тәртібінің маңызды бөлігі болуы тиіс.

Төртіншіденцифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне бейімделу. Жаңа Конституцияда цифрлық құқықтар мен деректерді қорғауға қатысты нормалардың бекітілуі бұл бағыттыңстратегиялық маңызын көрсетеді.  

Бесіншіденқоғамдық сенімді күшейту. Құрылтайдың тарихилегитимділігі оның алғашқы жылдардағы нақты нәтижелеріменөлшенеді. Халық «қанша заң қабылдандыдегеннен гөрі, «сол заңдар мен шешімдер менің өміріме қандай өзгеріс әкелдідегенсұраққа жауап іздейді.

- Бүгінгі сайлау қоғамның саяси жаңғыруына қаншалықты ықпал етеді?

- Бүгінгі сайлауды Қазақстанның саяси жүйесін институционалдықжаңғыртудың маңызды кезеңі деп бағалауға болады. Себебі бұл жайғана депутаттарды сайлау емес, жаңа конституциялық модельдегібірінші Құрылтайды қалыптастыру процесі.

Бірақ саяси жаңғыруды тек сайлау өткізумен өлшеу дұрыс емес. Сайлаужаңғырудың бастауы, ал оның нәтижесі Құрылтайдыңкейінгі қызметіне байланысты болады.

Меніңше, саяси жаңғырудың үш негізгі көрсеткіші бар: азаматтардыңсаяси қатысуының артуы, мемлекеттік институттардың есептілігініңкүшеюі және қоғамдық пікірдің саяси шешімдерге нақты ықпалыныңартуы.

Сондықтан бүгінгі тарихи кезеңнің басты сұрағы — жаңа Құрылтайдыңқаншалықты тез құрылғаны емес, оның қоғамның сенімін қаншалықтыақтай алатыны. Егер жаңа институт азаматтардың ұсынысынзаңнамалық шешімге айналдырып, билік пен қоғам арасындағыдиалогты күшейте алса, онда бұл сайлау Қазақстанның саясижаңғыруындағы шынайы бетбұрыстың бастауы болмақ.

Abai.kz

0 пікір