Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1018 10 пікір 20 Желтоқсан, 2024 сағат 16:27

Қазақ болып тудың ба, қазақ болып өмір сүр!

Сурет: qazdauiri.kz сайтынан алынды.

Қазақ болып туып, қазақша тәрбиеленіп, қазақылықтың мұрасына иелік етіп, соны дәріптеп, қорғап, асқақтатып өту — қазақылықтың белгісі.

Жекеге келген сауал:

- Қазақтар мұсылманбыз дейді, біз сонда Қазақ емеспіз ба? Мұсылман деп айтпасақ, Қазақ болмай қаламыз ба екен?

Жауап:

Тарихта болған соғыстар көбіне «құдайлар соғысы» болды. Жеңілгендердің құдайы жойылатын, жеңгендердің құдайы дәулет құрайтын.

Исламның жаулау соғыстары бірнеше ғасырға созылды. Содан ислам халифаттары пайда болды. Ислам халифатында мұсылман еместер өз дінін ұстану үшін салық төлейтін. Содан мұсылман болу пайдалы болған. Өз дінінен бас тартып, исламды қабылдағандар қазынаға түсетін салықты азайтатын. Содан оларды араптар  шеттетіп, кемсітіп «мавали» (маула - жекеше түрі) - деп атайтын.

Содан түркілерге исламды әкелгендер өздерін маула деген кемсітуден арылтқысы келіп, өздерін  қожа атап, түркілерге қожайын болғысы келді.

Бүгінгі араптар деп жүргендеріміз өзінің ұлттық дәстүрі, тілі, ерекшеліктерінен бас тартқандар. Талай ғасыр өтіп кеткен соң олар шын арапқа айналды, ұйткені тамырларын жоғалтып алғандар. Ислам ұлттық ерекшеліктерді насихаттауға тиым салған.

Ислам халифатында «мұсылмансың ба?» деген сауалды ғана қойып, адам мұсылман емес екенін анықтай алатын. Мұсылман болса оның құқын шариғат қорғайды, оның мүддесіне Алла жақ.

Бүгін әлем әр түрлі мемлекеттерге бөлінген. Әр мемлекет өзінің шекарасында, өзінің қаржысын, өзінің әскерін, заңдарын құрайды. Әр адам бірінші мемлекеттің азаматы.

Ал дін - ол жеке бастың ісі. Діни партия құруға тиым салынған. Олай болса діннің ешқандай күші жоқ. Сондықтан адамдарға өздеріне мұсылманмын, шаманмын, пайғамбармын - дей беруіне болады. Ол адамның жеке таңдауы.

Мұсылман болу  - бір футбол тобының жанкүйерлері болу мен тең.

Қазақ болу - терең қазақ тарихына, дәстүріне, тіліне, ғұрпына, салттарына,  өнеріне, аңыздарына, барша рухани құндылықтарына мұрагер бола алатын адамдар.

Мұсылман бола салу оңай, қазақ болу оңай емес.

Қазақ болып туып, қазақша тәрбиеленіп, қазақылықтың мұрасына иелік етіп, соны дәріптеп, қорғап, асқақтатып өту керек өмірден.

Сол сияқты ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған елдер рұхы бай, тамырлары терең, болашағы зор елдер!

Айгүл Қоқай

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1928