Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2024
Билік 1570 0 пікір 20 Желтоқсан, 2024 сағат 21:01

«Қазақмыс» жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: 7kun.kz

Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан. Бүгін «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады.

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Қазіргі уақытта «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарындағы жағдай тұрақты.

Кейбір мәлімдемелерге қарамастан, компания басшылығы мен әлеуетті құрылымдар тарапынан жұмысшыларға ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ.

Жезқазған мыс қорыту зауыты, Жайсаң, Шатыркөл, Саяқ кеніштері, сондай-ақ Жыланды, Жомарт, Батыс және Шығыс кеніштеріндегі үңгілеу бригадалары жұмысын қайта бастады.

«Қазақмыс» корпорациясы жағдайды тезірек реттеуге мүдделі. Бұған дейін хабарланғандай, корпорация екі негізгі тармақтың орындалуын растады. Олар:

-   13-ші жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу;

-   тоқсан сайын сыйақы төлеу.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақыны 8,5%-ға индекстеу ұсынысы өз күшін сақтап қалды.

Айта кету керек, жұмысшылардың жалақысы еңбекақыдан және сыйақыдан тұрады. Сыйақы өндірістік жоспардың орындалғанына немесе орындалмағанына қарамастан төленеді. Қазіргі уақытта орташа жалақы 730 431 теңгені құрайды, бұл Қазақстандағы орташа жалақыдан екі еседен астам жоғары.

65 шахтадағы (ОЖК) жұмысшылардың шағын тобын қоспағанда*, шамамен 40 мың адамнан құралған жұмыскерлердің басым көпшілігі ұсынылған шарттарды қолдады.

Келісімге сәйкес, жұмыс жалғасып жатқан немесе қайта басталған кеніштерде 13-ші жалақыға сыйақы толық көлемде төленді.

«Қазақмыс» корпорациясы шахталардағы жұмысшыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді жалғастыруда және жағдайды мүмкіндігінше тезірек шешу үшін ашық диалогқа ұмтылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2117