Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
46 - сөз 338 0 пікір 27 Желтоқсан, 2024 сағат 17:16

Биыл үміттенген дін заңына өзгерістер қабылданбады...

Сурет: Ә.Бәкірұлының жеке мұрағатынан алынды.

Өткен Құрылтайда дінге «карт бланш» берілген болатын. Бірақ дін оны ақтамады:

Ұлттық құндылыққа бейімделу арқылы, діни ережелер мен шариғи жолдарын қазақ діліне жақындатудың орнына, дін «өз атын шақырған көкек» сияқты «ұстаздарын» жамыратып, Ұлттық құндылықтардың ең киелі, ең жанды жеріне бақыншылық шабуылын үдетті.

Сол арқылы өздерінің шынайы бет пердесін ашты. Бет сипап жүрген алаңсыз қазақ баласын өзінен кері итерді...

Кеудеден тепті...

Енді, мұндай дінге бізде жол жоқ екені анықталды. Қоғам оянып, береке бірлік басында Ұлттық тәрбие тұратынын анық ұқты.

Мемлекеттің болашағы тек қана ғылым мен білімге, Ұлттық адамгершілік болмысқа, ұлттық мәдениетке, өнерге қатысты серпінді боларын халық та, билік те мойындады...

Енді, халықтың да, мемлекттің де барлық күш жігері мен ынтасы осы бағытқа бұрылатыны айқындалды.

Қазақстан мемлекеті ешқашан өзге мәдениет аясында көркеймейді. Ол мемлекетті құрап отырған Қазақ ұлты мәдениеті, тілі, дәстүрі төңірегінде топтаса алға жылжиды.

Әзірге, оның қарқыны төмен болса да, ол жыл сайын ағын су сияқты еселене ағады, тоқтамайды, буырқана түседі...

Қазына байлық та өзінің заңды егесі қазақ ұлына қызмет етуін арттырады.

Келер жыл осыны нақтылайды.

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2065