Сәрсенбі, 8 Қаңтар 2025
Ұшақ апаты: 806 6 пікір 7 Қаңтар, 2025 сағат 15:35

Қара жәшік оқылды. Әлиев Ресейді айыптады!

Сурет: 24tv.ua сайтынан алынды.

Бүгінгі күннің ақпараты: Бразилия бұған дейін ресейлік әуе қорғанысы атып түсірді деп болжанған AZAL ұшағының «қара жәшіктерін» декодтауды аяқтады. Мәлімдемеде рейсті тіркеуші екі құрылғыдан деректерді алу жұмысы сенбі күні аяқталып, барлық деректер Қазақстанның тергеу органдарына тапсырылғаны айтылған.

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін Қазақстан осыған дейін Бразилиядағы «Әуе апаттарын зерттеу және олардың алдын алу орталығына» (CENIPA) жіберген еді. Әзербайжанға тиесілі жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйды бетке алып ұшып, апатты жағдайда Ақтауға бұрылған. Ұшақ Ақтау әуежайының маңына жетер-жетпес жерге 2024 жылдың 25 желтоқсанында құлаған.

Құрылғы Бразилияға 1 қаңтарда жеткізілген, ертесінде мәліметтерді сараптау басталған.

Ресми ақпаратта: Мәлімет жазатын екі құрылғыдағы деректерді жинау және тексеру 4 қаңтарда аяқталған. Деректерді саралау туралы ақпарат Қазақстанға жіберілген.

«Алынған мәліметтер оқиғаның себептерін анықтайтын орган – Қазақстанның әуе апаттарын тергеу комиссиясына жіберіледі», - делінген ресми ақпаратта.

Кеше Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтауда құлаған ұшақ апатына қатысты Ресейді айыптап, мәлімдеме жасаған еді.

Әлиев:

- Ұшақ апатына кінәлілер жазалануы тиіс! Бұл апаттан Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануын талап етеміз, толық ашықтық пен адами мінез-құлықты талап етеміз, - деді.

Abai.kz

6 пікір