Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2025
Қылмыс 113 0 пікір 13 Қаңтар, 2025 сағат 13:46

«2025 - құқық бұзушылықтың алдын алу жылы»

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады.

«ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады», -деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол 2024 жыл кадрлық әлеуетті жақсарту жылы болғанын еске салды. Іс-шараның бірі орта буын басшыларын кезектен тыс аттестациялау болды. Министрлік жанынан есірткі қылмысымен күрес жөніндегі комитет пен киберқылмыспен күрес жөніндегі департамент құрылды.

Министр биылғы жылда профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

Abai.kz

0 пікір