Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025
Билік 215 0 пікір 21 Қаңтар, 2025 сағат 18:56

Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты

Сурет: ҚР Үкіметінің телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін.

Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.

Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.

Abai.kz

0 пікір