Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025
Анық 1085 0 пікір 28 Қаңтар, 2025 сағат 15:05

Қытай мен Үндістан тіл табысты ма?

Сурет: rua.gr сайтынан алынды.

Үндістан Сыртқы істер министрі 26-27 қаңтар күндері Бейжіңде сапарда болды. Ол екі елдің дипломатикалық қатынас орнатқанына 75 жыл толуына орай өзара бәсекелес екі алпауыт мемлекеттің шекара мәселесіне байланысты ушыққан байланысын реттеу, қытаймен диалог пен пікір алмасуды қалпына келтіру, тікелей трансшекаралық өзен навигациясы мәселелерін талқылау үшін келген.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, Ван И де кездесуде Қытай мен Үндістанның «күдік» және «араздық» емес, «бір-бірін қолдау және ортақ дамуға» табанды болуы керектігін айтқан.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2020 жылы Қытай-Үндістан шекарасында болған өлімге әкелген әскери қақтығыстан кейін шиеленісе түсті.

Үндістан Сыртқы істер министрінің айтуынша Үндістан мен Қытай екі ел арасындағы барыс-келісті одан әрі ілгерілету және жеңілдету үшін тиісті шаралар қабылдауға келіскен. Екі тарап 2025 жылдың жазында қасиетті Қайлаш тауының көліне құлшылық қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған. Сол мақсатта бірінші кезекте екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірмек. Екі жақтың тиісті техникалық бөлімдері әуе қатынасын ертерек қалпына келтірудің соңғы негіздерін келіссөздер үшін кездесу өткізеді.

Жарты милиард халқы бар, жан саны жағынан қарайлас,азия елі ШЫҰ-на, БРИКС-ке мүше. Екеуі де ресеймен батыстың санкция салғанына қарамай, әріптестікті үзбей келеді.

Abai.kz

0 пікір