Қазақстан 2025: экономикалық картина толық өзгермек
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Қазақстан өзінің қаржылық проблемаларын қалай шешеді?" деген басты сұрақ қаралып, оның шешімдері айтылды.
Бюджеттің негізгі кіріс бөлігі салық екенін ескерсек, осы бағытта үлкен проблемалар байқалған еді. Мысалы, былтыр республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық жиналды. Ол жоспардан аз болып шықты. Тіпті жоспар орындалғанда да, бюджет шығындары кірістен тез өсуде. Ол дефициттің бақылпусыз ұлғаюына алып келіп, Ұлттық Қорға қауіп төндіре бастады. Үкімет осы мәселені шешу үшін қосымша құн салығы институтын толық жаңғыртып, ҚҚС ставкасын 20 пайызға арттырып, оған ілінудің шегін 15 миллион теңгеге дейін түсірмек. Дәл осыдан кейін, Қазақстандағы кәсіпкерлердің тек 4%-ы төлеп келген қосымша құн салығының ауқымы кемінде 60% үлесті алатын болады. Бұл бюджетке кемінде 7 триллион теңге алып келмек. Ұлттық қордан алынып жүрген қаржыны жаба алады.
Қазақстан фискалды қатаң саясат режиміне ауысуда. Себебі, мемлекеттік қаржы мен қарызда проблемалар күшейген, стангнациялық белгілер бар. Етек-жеңді жинау арқылы ғана ел даму жолына түсе алады.
Экономикалық сарапшылар бүгінгі отырыстағы шешімдерге оптимизммен қарап отыр. Патернализм, масылдық философия азаюы тиіс. Және жиналған ресурстардың әділ үлестірілуіне қатысты халық тарапынан талап күшейетін болады. Мұны жаңа қоғамдық келісім-шарт деп атауға да келеді. Тек Үкімет осы шараларды тезірек жүзеге асыруы керек. Ол үшін Парламент популизмін қысқартып, конвейер режиміне ауыстыру көзделіп отыр.
Дереккөзі: Dala Inside арнасы
Abai.kz