Халықаралық іздеудегі 11 қылмыскер ұсталды
«ІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасай отырып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жөніндегі жұмысты жалғастыруда», - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Жыл басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүрген 11 қылмыскер анықталып, ал ел аумағында басқа елдердің іздеудегі 44 қылмыскер азаматы ұсталған.
Мәскеу қаласында 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол өткен жылы Алматыда жергілікті тұрғындардан сатамын деген сылтаумен қымбат смартфондарды алып, кейін ізін суытқан.Осылайша ол 7 адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.
Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014-жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген.Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады.
Abai.kz