БАҚ: Арыста оқ-дәрі жарылды
«Арыста оқ-дәрі жарылды», деп хабарлайды «За нами уже выехали» арнасы.
«Ресми мәліметтерге сәйкес, 19 тамызда сағат 19.00 шамасында Арыс гарнизонындағы ӘӘК әскери бөлімдерінің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп өртенген. Өрт кезінде оқ-дәрі сынығы жарылды. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, жағдай бақылауда», — делінген бейсенбіде таралған хабарламада.
Әскерилер тұрғындарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және тек ресми хабарламаларға сүйенуге шақырды.
Abai.kz