Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2745 0 пікір 12 Ақпан, 2025 сағат 20:31

USAID ұйымы жайлы тың деректер ашылуда

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Америкалық кәсіподақтар Трамп әкімшілігін "USAID" ұйымын жапқаны үшін сотқа берді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымды жемқорлықпен айналысты деп айыптап, оның бүкіл әлем бойынша жұмысын тоқтатқан еді. Ал атақты миллиардер Илон Маск оны "қылмыстық ұйым" деп атап, тіпті оны Ковид-19-дың әзірленуіне қаржыландыруды жүргізді деп кінәлады.

Бұл ретте, саясаттанушы Талғат Қалиев Еуразия Бірінші арнасының тілшісіне берген сұхбатында ұйымның соңғы жылдары қандай да бір дәрежеде теріс бағытта әрекет етіп келе жатқандығын растады. Саясаттанушының айтуынша, кейде олар дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығарып, ел арасында қайшылықтар туғызып отырды.

Сондай-ақ, бүгінгі, 12-ақпандағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселені талқыға салған болатын. Отырыста депутат Ирина Смирнова осыған байланысты елімізде "шетелдік агенттер туралы заң" енгізуді ұсынды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730