Жұма, 21 Ақпан 2025
Жаңалықтар 632 1 пікір 17 Ақпан, 2025 сағат 13:55

Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Сурет: Шыңыс Қазақстан университетінің сайтынан алынды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда дүниеге келген.

Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады.

1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.

1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2006 жж - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің бас инспекторы, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы.

2006-2007 - ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, бөлім бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2007-2010 жж - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2012 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2012-2015 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2015-2018 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2018-2021 - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі.

2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап - Семей қаласының әкімі.

Abai.kz

1 пікір