Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 2523 9 пікір 18 Ақпан, 2025 сағат 14:13

Жеңістің 80 жылдық шеруіне қанша ақша бөлінді?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Жеңістің 80 жылдығына орай өтетін шеруге қанша теңге жұмсалатынын айтты.

Биыл еліміз Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді. Мерекеге орай, елордада 7 мамырда шеру өтеді. Шеруге қанша қаржы бөлінеді деген сұраққа Қорғаныс министрлігі ресми жауап берді.

«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің бюджеті шамамен 2,5 миллиард теңгені құрайды. Қаражат Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған жауынгерлік дайындық іс-шаралары есебінен алынады», - деп жауап берді Жазықбаев.

Оның сөзінше, қаражат негізінен шеруге қатысатын жеке құрамның іссапар шығындары, шатырлы қалашықты жабдықтауға арналған материалдарды дайындауға, әскери және әуе техникасын жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.

«Еліміздің басқа өңірлерінде шеру өткізуге қаржы бөлу қарастырылмаған. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру ең алдымен қан майданда ерлікпен қаза тауып, болашақ ұрпақ үшін бейбіт өмір сыйлаған боздақтарға, қазіргі көзі тірі 120 соғыс ардагеріне арналған құрмет. Екіншіден, ел халқына және өскелең ұрпаққа Қазақстан әскерінің күш-қуатын паш ету. Үшіншіден, жастардың бойында туған жеріне, өз әскеріне, ата-баба ерлігіне патриоттық сезімді қалыптастыру», - деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1045