Дүйсенбі, 24 Ақпан 2025
Көкжиек 145 0 пікір 24 Ақпан, 2025 сағат 13:24

Инвестиция: Қытай Қазақстанға 2,5 млрд юань құяды...

Сурет: rail-news.kz сайтынан алынды.

22-ақпанда Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.                

Кездесу барысында биылғы жылдың маңызды оқиғалары да талқыланды.

«Қытайдың Қазақстандағы туризм жылын қолдау аясында Сиань – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар туристік пойызы іске қосылады. Бұдан бөлек, Қытай – Еуропа бағыты бойынша Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТМТМ) арқылы мерейтойлық контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне дайындық туралы айттылды", – дейді акционерлік қоғам хабарламасында.

Биыл Алматы қаласындағы жаңа логистикалық кешен (ГТС-2), Мәскеу облысындағы Селятино станциясында орналасатын CRK Terminal логистикалық орталығы және Әзербайжандағы Алят портының терминалы сияқты 3 ірі жоба іске қосылады.

Ал биыл Шэньси провинциясы Қытай – Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздарды дамытуға 2,5 млрд юань инвестиция бөледі.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 3 000 контейнерлік пойызды жөнелту жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір