Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5546 0 пікір 29 Қыркүйек, 2009 сағат 03:29

Керімсал Кеңесбекұлы. Қарағандының ортасында қасқайып тұр

Қарағанды қаласының қақ ортасында Ленин атында көше бар. Оны ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың атына ауыстыру мүмкін болмай тұр. Ал, сонда қарағандылықтар қадыр тұтып отырған Ленин деген кім?

Жетпіс жыл үстемдік құрған әлемдегі кіл тексіздердің, құлдардың, кедей-кепшіктің, дінсіз, ділсіз кәпірлердің одағы болған Кеңес империясы еш соғыссыз, бір оқ атылмай құрыды. Енді қолын сермеген қасқа бас аласа шалдың бейнесі бізге құбыла болмақ емес!

Алаш жұрты біреуді қарғағанда «көмусіз қалғыр дейді». Күнсіздердің, дінсіз кәпірлердің көсемі болған  Ленинді Тәңір жазалап келеді: ол әлі көмусіз жатыр!

Кремілдегі В.И.Лениннің бальзамдалған «мәңгі тірі» бейнесіне күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар  тағзым етуде. Заманында олардың саны миллиондардан асып жығылатын еді...

Түркі әлемінің ұлы перзенті, ұлт азаттық қозғалыстың көрнекті қайраткері М.Шоқай Париж қаласында шығарып тұрған «Жас Түркістан» журналында былай деп жазады:

«Қызыл Өзбекстан» беттерінде Ленин мен Мұхаммед пайғамбардың бір-біріне рухани жақындығын дәлелдеу мақсатында көлдей-көлдей мақалалар жариялана бастады. Ташкент газеттері мақалаларын Мұхаммед - «әлеуметтік пайғамбар», ал Ленин болса «нағыз пайғамбар» деп тұжырымдаған еді (М.Шоқай III-томдық таңдамалы шығармалары).

Бүгінгі жаңа ұрпақты Лениннің өмірбаянымен қызықтыра алмайсыз. Әйтсе де, пролеториат көсемінің шын мәнісінде кім болғандығын білгісі келетіндер де аз емес. Ия, бізге белгілісі өз кезінде қарапайым шаруалардың көсемі болғандығы. Бүгінгі таңда Ленинді тажал мен шайтанның түсігі деп атайтындар бар. Мысал үшін, Ресейге есімі кеңінен танымал жазушы Григорий Климов   артына осындай дінсіздерді тудырмағаны үшін көсемнің өзіне алғыс білдіреді. Екінші бір көзқарас Ленинді немістің жансызы ретінде көрсетуге тырысады (В.Румянцев). Әлем пролеториятының көсемі жөнінде бүгінге дейін көптеген зерттеу еңбектері жарық көруде. Бірі оны жер көкке сыйғызбай мадақтап жатса, өзгелері адам нанғысыз құбыжық ретінде дәлелдеп тырысуда.  Содан болар Ильичтің ғылыми биографиясы жасалып біткен жоқ. Бітпейтін де шығар. Ендігі ретте оқырман назарына орыс зиялыларының көзқарастарын келтірейік.

Туабітті азғын, дүлей Ленин қоғамдық қызметінің нағыз қызған шағында әлемге жан түршігерлік құбылыс әкелді. Ол әлемдегі ұлы мемлекетті құлдырауға ұшыратып, миллиондаған адамдардың өліміне себепкер болды. Алайда, мына ақымақ әлем күні бүгінге дейін оның адамгершілігі жөнінде даулы пікір айтып бағуда. Ағылшындық фотогрофтардың түсіру барысында, өзінің қанды мінберінде төртаяқтап еңбектеген «ұлы» көсемнің жарыместік күйге жеткенін көрген ел жұртқа Семашко бұл «жаңа Навуходоносордың» бас сүйегіндегі миының жасыл қоймалжың затқа айналғанын ашына сарт еткізгені бар. Ол өлген кезде оның жақтаушылары жаңа әлемді жасаған жаңа құдайдың қайтыс болғанын қимастықпен жазған еді. Бұның бәрі Алланың қаһарына ұшырайтындығын Бунин Париждегі баяндамасында-ақ негіздей айтқан болатын (16 ақпан. 1924 жыл.).

Г. Марченконың "Карл Маркс?" атты кітабына сүйенсек, Ленин мазарын тұрғызар алдында сәулетші Щусев құрылыс жобасына Пергамь альтарін үлгі қылып алады. Сол кездегі археологияның беделді өкілі Ф. Поульсен берген ақпаратында Иса ғалейхисәләмнің Пергам альтаріне қатысты құпия сөздер айтқандығы мәлімденеді. Асылы, Пергам ібіліс культінің орталығы болғандығы анықталды.  Дарынды сәулетшінің  мұндай қадамға баруының себептері әлі күнге дейін жұмбақ күйінде (С. Фоминнің "Вокруг алтаря сатаны" атты мақаласынан).

Ал енді тарих ғылымдарының кандидаты И.В. Соколовтың пайымдауына қарағанда Володяң барып тұрған «Орыстың ұлы жауызы және көгілдірі»!...  Осы уәжге айғақ ретінде ғалым сол кездегі  ЦК ВКП (б) политбюро мүшесі, Ленинград обком партиясының бірінші хатшысы Григорий Зиновьевтің жеке мұрағатынан алынған материадарды ұсынады.  Оқып көрелік:

«Ильич! Все, что ты мне поручил, я выполнил. А что еще не успел, обязательно сделаю... Здесь очень тяжело и непросто, но меня согревает мысль, что уже через несколько дней я увижу тебя и заключу в свои объятия. Хранишь ли ты наше гнездышко? Не водишь ли туда других? Я очень переживаю тут, и только надежда на твою верность согревает меня... Целую тебя в твою марксистскую попочку. Твой Гершель».

Екеуінің бір біріне жазысқан хаттары мұрағатта күні бүгінге дейін сақтаулы. Жалпы бұл деректерден Володяның өте жан жақты пенде болғандығын аңғару қиын емес.

Қарағандының қақ ортасында Лениннің көшесі бар. Оның көшесін Әлихан Бөкейханұлына ауыстырмақ болғанымызда жергілікті орыс мұғажырларының басылымдары («Центральная газета») «Әлихан террорист» деп баяғы шовинистік әрекет пиғылдарына қайта басқан болатын.

Ленинге қойылған білдей екі ескерткіштері әлі тұр. Әлімсақтан ат құрықтаған қазақ елі өзінің жусан аңқыған киелі жеріне шошқаның майын сорған құдайсыздар одағы басшысының ескерткішін алып тастай алмай отырғаны бетімізге басылған қара таңба. Ендігі ұрпақ тарихқа сын тұрғысынан қарауды әлдеқашан үйренген. Сондықтан әлдекімдер жасаған қателіктерді оп-оңай кешіре салмайды.  Лениннің ескерткішін алып тастау бүгінгі бостан күннің негізгі талабы. Әрі беріден соң, Кеңес үкіметінің құрбаны болған Алаш арыстары Қазақ дербестігін алған соң күн көсемнің ескерткішін күнбатысқа қаратып қойсын деген жоқ қой.

Құрметті қауым, келешекте ескерткіш салуға, біреулердің атына көше беруге асықпағанымыз жөн болатын шығар.., кім біледі...

Осы ойды қолдап қуаттаған жандарды Тәңір алқасын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036