Сейсенбі, 25 Ақпан 2025
Анық 116 1 пікір 25 Ақпан, 2025 сағат 18:13

Үкімет бекітті: АЭС Жамбыл ауданында салынады!

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Қазақстан үкіметі елдегі бірінші атом электр станциясы салынатын орын ретінде Алматы облысындағы Жамбыл ауданын ресми түрде бекітті.

АЭС салуға қолайлы орын деп айтылып жүрген Балқаш көлі жағалауындағы Үлкен ауылы осы өңірге қарайды.

"Атом электр станциясы" ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы қаулыға былтыр 30 желтоқсанда қол қойылған. Қаулы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енді.

Қазақстанда АЭС құрылысын салуға ниеттілер тізімінде Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компаниялары бар.

Биыл қаңтарда энергетика министрлігі елде АЭС-ті кім салатыны әлі нақты шешілген жоқ деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір