Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5798 0 пікір 30 Қыркүйек, 2009 сағат 06:57

Ақберен Елгезек. Алданған халықтар ұйымы

 Өткен аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының кезекті 64-ші саммиті жұмысын бастады. Бұл саммит адамзат тарихының ең бір қиын-қыстау кезеңінде өтіп жатыр. Азық-түлік, энергетикалық және экономикалық дағдарыс кезінде һәм тұмау пандемиясы өршіп тұрған уақытта ұйымдастырылған бұл жаһандық жиынды - тарихи басқосу деп атауға толық негіз бар.

 БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун саммиттің ашылу салтанатында: «Бүгінгі таңда планетаның назары бізге ауып отырғаны таңқаларлық жағдай емес, себебі біз өте бір күрделі кезеңде бас қосып отырмыз» - деді. Сонымен қатар, Бас хатшы мұндай аумалы-төкпелі заманда көптарапты дипломатияның рухын тірілтуге және ұжымдық іс-әрекеттерді жанданыруға үлкен серпін берілу қажет деп есептейді. «Ұлттар басшысының» бұлай айтуына халықаралық саясатта орын алып жатқан сан-алуан текетірестер себеп болып отырғаны белгілі.

 Аталып отырған саммит жалпыадамзаттық мәселелерді шешуге жиналды. Ол ең алдымен, Жер бетіндегі апаттық жағдайларға алып келуі ықтимал климаттық өзгерістер мәселелесі. Саммиттің күн тәрбіндегі тағы бір басты тақырыптардың бірі - ядерлық қаруды шектеу мен кедейшілікпен күрес.

Тарихқа «БҰҰ-ның 64 саммиті» ретінде еніп үлгірген жиында аталған мәселелер қандай шешімдерін тапты деген сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Ұйымның Бас хатшысы бұл саммитке жақсы дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Әсіресе, климаттың жылдан-жылға өзгеріске ұшырап, жер бетінде жылу процесі үдеп бара жатқаны Пан Ги Мунды қатты алаңдатып жүргені байқалып қалды. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айындағы Норвегияға жасаған сапарын Бас хатшы Шпицберген архипелагында жалғастырған болатын. Бұл архипелагта Пан Ги Мун климат өзгерісінің салдарын Солтүстік полюстегі көріністерін, сол жерде қызмет атқарып жатқан ғалымдармен бірлесіп, зерттеп қайтты.

Алып мұздықтардың жылдам еріп жатқаны Бас хатшыға қатты әсер еткен көрінеді. Өзінің баянадамасында Пан Ги Мун ұлт көшбасшыларын Жер планетасы болашағы мен адамзат нәсілінің келешегі үшін бірлесіп күресуге шақырды. Бір сөзінде Бас хатшы «Біздің мұздықтардың еруін тоқтатуға бағытталған қадамдарымыз олардың еруінен тым баяу жасалып жатыр» - деп мәлімдеді.

 Табиғат Тәңір жаратқан мезеттен бастап өзіне тән үйлесімді даму жолмен келе жатқан. Бұл үйлесімділік пен тепе-теңдікті бұзған тіршілік иелерінің ішінен жалғыз адам баласы кінәлі. Климаттың өзгеруі, табиғи апаттық жағдайлар адамзат өндірістік революция дәуірін тудырған уақыттан басталды. Бұл мәселе көптеген халықаралық жиындарда көтеріліп жүргенмен ортақ шешімге келіп, барлық мемлекеттерді бұл шаруаға міндеттейтін құжаттар алайда осы күнге дейін қабылданбай келген.

 Қытай өз кезегінде 2020 жылға дейін ортаны ластау көлемін едәуір пайызға кемітетінін мәлімдеді. Жапония өндіріс қалдықтарын азайтып, дамушы елдерде жүргізіліп жатқан «жасыл» технологияларды қаржыландыруды қолға алуға уәде берді. Алайда Қытай да Жапония да нақты сандарды айтудан қорықты. Себебі, зерттелмеген дүниеге пәленбай қаржы жұмсаймыз деу кез келген ел үшін дағдарыс заманында қауіпті болмақ.

АҚШ климаттық өзгерістермен күресуге бағытталған барлық шараларға атсалысатынын білдірді. Франция осы мәселеге қатысты өз жерінде арнайы саммит ұйымдастыруға дайын екендігін көрсетті. Кіп-кішкентай Мальдивы мемлекетінің өзі 2020 жылдың қарсаңында ауаға көмірқышқыл газын шығаруды тыямыз деп белсеніп отыр.

 Аталған мемлекеттердің өз мойынына мұндай міндеттемелерді алуы Пан Ги Мунмен алдын-ала жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жүзеге асып отырғандығы белгілі. Себебі, планета тарихында табиғатты қорғау мен климатты тепе-теңдік деңгейіне қайта келтіру мәселесі бірінші рет осындай деңгейде талқыланып, шешім қабылданды. Ал, мұндай шараларды жүзеге асыру үшін Қытай мен Жапония сияқты индустриалдық елдердің келісімі қажет.

Пікір-таластардың нәтижесі Біріккен Ұлттар Ұйымы климатқа қатысты арнайы Резолюция қабылдады.

 Саммиттің келесі бір өзекті мәселесі - ядролық қаруды таратпауға бағытталған шаралар. Бұл мәселені талқылауға шығарудан бұрын, саммитке келетін басшылар Пан Ги Мунның The Guardian басылымында жарық көрген бағдарламалық мақаласымен танысып шықты. Аталған мақалада БҰҰ басшысы ядерлық қарусыз бейбіт өмір сүретін әлемді орнатуға бағытталған бірқатар шараларды ұсынды. Пан Ги Мун мақаласында бұл мәселе оның жеке адам ретінде толғандыратынын қадап айтты. Бас хатшының отаны - Оңтүстік Корея XX ғасырда болған соғыстарда қаншама рет осы қарудың өз жерінде жарылуы қауіпінің алдында тұрған болатын. Алайда, бұл қауіп Азия аймағына ғана тән емес деп есептейді мақала авторы.

 Ядерлық қаруды таратпау жөніндегі келісім бар болғанмен бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр. Бүгінгі таңда әлемде 26 мың оқтұмсық бар екен. Әлем бойынша қорғаныс шараларына жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1,3 трлн. долларды құраса, АҚШ-тың ядерлық арсеналын ұстап тұру үшін 6,89 трлн. доллар көлеміндегі қаржы жұмсалатын көрінеді. Бұл дегеніміз адам баласының басқаны ойламаса да, соғысуға дайын отыруға әдеттенгенін көрсететін жағдай.

Сонымен жоғарыда айтылған мақаласында Пан Ги Мун ядерлық қарусыздардыруға бағытталған 5 баптан тұратын жеке жоспарын ұсынып отыр. Саммитте осы жоспар қызу талқыға түсті. Көптеген талас-тартыстың нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі арнайы резолюция қабылдады. Алайда, осы бағытта сең қозғалды деп айтуға әлі ерте секілді.

 Константин Кушнер деген орыс ақыны кезінде осы ұйым тұралы: «БҰҰ - алданған халықтар ұйымы» - деген екен. Оның астарында планета алдында әдемі сөйлеп, көзбояушылықпен айналысып отырған алпауыт елдердің амбициялары мен оларды жүзеге асыру жолдарын реттеу үшін жиналатын тағы да бір сүйегі әлсіз бірлестік һәм барлық адамзаттқа дауысы жететін міңбер деген ой жатыр.

Осы жолы да қаншама мемлекетттің басын қосып, өзекті мәселелерді күн тәртібіне қойып, жиын өткізгенмен Біріккен Ұлттар Ұйымы нәтижесінде ешнәрсе шеше алмайтын, шешкісі келмейтін қауқарсыз ұйымға айналып бара жатқанын байқатты.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036