Жексенбі, 9 Наурыз 2025
Ел іші... 646 2 пікір 7 Наурыз, 2025 сағат 16:07

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыздан 16,5 пайызға дейін көтерді

Сурет: tilshinews.kz сайтынан алынды.

Ведомство мұны инфляцияны бақылау және тәуекелдерді азайту қажеттілігімен түсіндірді.

Бұл қысқа және ұзақмерзімді инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға, баға өсуінің жеделдеу үрдісінің бекітілуіне жол бермеуге және инфляцияның артуын болдырмауға мүмкіндік береді. Бүгінгі шешім халық табысының сатып алуға жарамдылығын сақтауға және жинақтарын қорғауға, сондай-ақ нарық қатысушыларының теңгедегі активтерге сенімін қолдауға арналған” деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни, ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді.

Abai.kz

2 пікір