Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4410 2 пікір 17 Наурыз, 2025 сағат 14:25

Назым Қызайбай 3 рет әлем чемпионы атанды

Сурет: Malim.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үш дүркін әлем чемпионы болған Назым Қызайбайды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова Әлем чемпионы атанды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1308
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2872
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 963
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 901