Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Аймақ 2298 0 пікір 7 Сәуір, 2025 сағат 19:51

Ақмолада 2 ауылды су басты. ТЖМ не дейді?

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Ақмолада 2 ауылды су басты: Су басқан жолды кесіп өтпек болған жүргізуші қайтыс болды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай» тас жолын су шайып кетті. Салдарынан ескертуді елемей өткен көлікті тасқын су жол жиегіне ағызып әкетіп, көлік жүргізушісі қайтыс болды. Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасыды. Салдарынан ескі Колутон ауылын су басқан. Қарғын су көшеге жайылғанымен, тұрғын үйлердің ішіне кірмеген – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір 1000-нан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылған. Ауылдан 21 адам эвакуацияланып, 100-ден аса ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669